Әке ХҚКО-ға келуі керек пе: баланың тегін өзгерту тәртібі түсіндірілді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 16 сәуірде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі Қазақстанда баланың тегін өзгерту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтардың бірі мамандардан баланың тегін ауыстыру кезінде Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) әкенің міндетті түрде келуі қажет пе екенін сұраған.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің айтуынша, баланың аты-жөнін немесе тегін өзгерту ата-анасының бірлескен өтініші негізінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, екінші ата-ананың ХҚКО-ға жеке келуі міндетті емес. Егер оның нотариалды түрде куәландырылған келісімі болса, рәсімдеу сол құжат негізінде жүзеге асырылады.

Тағы бір маңызды жайт — егер бала 10 жасқа толған болса, оның да келісімі қажет.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік корпорация қазақстандықтарға зейнетақы куәлігін алу мерзімдері туралы да түсіндірме берген болатын.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз