"Әділет" партиясын құру бастамасы ресми түрде тіркелді

Сурет: "Әділет" партиясының ұйымдастыру комитеті
"Әділет" партиясының ұйымдастыру комитеті Әділет министрлігінен хабарламаның қабылданғанын растайтын құжатты алғанын хабарлады.

Бүгін, 2026 жылғы 16 сәуірде, Қазақстан Республикасының барлық облыстарын, республикалық маңызы бар қалаларын және Астананы қамтитын 700-ден айтарлық көп азаматтан құралған бастамашыл топтың атынан "Әділет" партиясының ұйымдастыру комитеті саяси партия құру ниеті туралы хабарламаны барлық қажетті ілеспе құжаттармен бірге Әділет министрлігіне ресми түрде ұсынды.

Сурет: "Әділет" партиясынының ұйымдастыру комитеті

Осы күннен бастап ұйымдастыру комитеті өз қызметіне ресми түрде кіріседі және 2026 жылғы мамыр айының басында партияның құрылтай съезін өткізуді жоспарлап отыр.

"Құрылтай съезінің нақты өтетін күні мен орны туралы қосымша хабарлаймыз", – делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді