Қазақстанда газдандыру жұмыстары қай өңірлерде жүргізілуде

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еліміздің қай өңірлерінде газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде елде шамамен 13 миллион адам табиғи газға қол жеткізген. 2026 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 64,3%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (62,4%) жоғары.

"Биыл елімізде газдандыру бағытында 40 жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 10 елді мекенде 32 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылады", – делінген хабарламада.

Ведомствоның нақтылауынша, бұл жобалар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу облыстарын қамтиды.

"Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін жылына 10 млрд текше метр газ өткізуге қауқарлы құбырдың желілік бөлігінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Бұған дейін Энергетика министрлігі қазіргі заманғы көмір энергетикасы технологияларының бәрі газбен салыстырғанда тиімді емес екенін мәлімдеген еді.

Қазақстан
Алматы облысы
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек