Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасы жыл соңына дейін артады

Фото: freepik
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 21 сәуірде Үкімет отырысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапа стандарттарын арттыру жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда 2030 жылға дейін инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр.

"Ағымдағы жылдың соңына дейін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапа стандарттарын арттыру және инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр", – деді Ертаев.

Сонымен қатар, ол осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, көру қабілеті бұзылған азаматтардың баспа ақпараттарына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған Марракеш келісімі ратификацияланды.

"Жеке көмекші қызметтерін көрсету, инватакси қызметін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсыну мәселелері заңнамалық тұрғыда реттелді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету нормалары күшейтілді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша электрондық дүкендер деректерін пайдалана отырып, оңалту құралдарының құнын өтеудің кепілдендірілген мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілді", – деп толықтырды министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 17 мың мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамту квотасымен қамтылатыны хабарланған болатын.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі