Қазақстан мен ЕО визаны жеңілдету бойынша келіссөздерді қашан аяқтайды

Фото: Zakon.kz
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мәжіліс кулуарында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визалық режимді жеңілдету келіссөздерінің қай кезеңде екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, әңгіме қазақстандықтарды Шенген визасынан толық босату туралы емес, оны алу рәсімін жеңілдету жайында болып отыр.

"Бұл үдеріс екі бөліктен тұрады. Біріншісі – визаны жеңілдету туралы келісім, екіншісі – реадмиссия туралы келісім. Еуропалық тарап бұл екі құжатты қатар әзірлеуді жоспарлап отыр. Кейін оларды бірге ратификацияға ұсынамыз", – деді Әлібек Бақаев.

Вице-министрдің айтуынша, келіссөздерді 2026 жылдың екінші жартысында аяқтау көзделіп отыр.

Құжаттарға қол қойылғаннан кейін оларды ратификациялау кезеңі басталады. Қазақстан тарапынан бұл рәсім Парламентте өтсе, Еуропалық одақта келісімдерді Еуропарламент пен барлық мүше мемлекеттер бекітуі қажет.

Нәтижесінде қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу талаптары нақты регламенттеліп, құжат жинау жеңілдейді. Сондай-ақ көп мәртелік визалар беру және визаның құнын төмендету мәселелері де қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы визаны жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдер бойынша алғашқы ресми келіссөздер 2025 жылғы 2 желтоқсанда Брюссельде өткен.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі