Қазақстан армиясында смартфон қолдануға рұқсат берілді: не өзгерді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асқар Мұстабеков 2026 жылғы 23 сәуірде журналистердің сұрағына жауап беріп, бұл шешімнің барлық сарбаздарға қатысты екенін айтты.

Оның айтуынша, бұған дейін әскери бөлімдерде тек кнопкалы телефондарды қолдануға рұқсат етілсе, енді казармаларда смартфон пайдалануға да мүмкіндік берілген.

"Иә, мұндай бұйрық қабылданды. Бұл рұқсат барлық сарбаздарға қатысты. Барлық жерде қолдануға болады", – деді ол.

Сонымен қатар журналистер сарбаздардың ата-аналарымен байланысы туралы да сұрады.

Шенеуніктің айтуынша, смартфонды кез келген уақытта қолдануға болмайды. Әр бөлімде арнайы тәртіп пен белгіленген уақыт бар.

"Жоқ, белгілі бір уақыт бар. Себебі сарбаз кез келген уақытта телефонға жауап бере алмайды: бірде атыс жаттығуында, бірде оқу-жаттығуда болуы мүмкін. Командир бекіткен уақытта ғана телефон қолдануға рұқсат беріледі, бұл ақпарат ата-аналарға да жеткізіледі", – деді Асқар Мұстабеков.

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру қағаздарын тапсыру тәртібін де түсіндіріп, оны алғаннан кейін қандай әрекет жасау керектігін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұршақ түсіп, тұман басады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды