ҚазҰУ-дағы жеке деректердің таралуы: кімдер жазаланды

Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 27 сәуірде Мәжіліс мінберінде университеттердегі деректердің таралу жағдайларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Саясат Нұрбек жоғары оқу орындарында студенттердің жеке мәліметтері тарап кеткен бірнеше жағдай болғанын мойындады.

"ҚазҰУ жағдайында, былайша айтқанда, адами фактор әсер етті. Соның салдарынан декан және тағы бірнеше қызметкер қызметінен босатылды", – деді министр.

Министрдің айтуынша, мұндай тәуекелдерді азайту үшін қазіргі уақытта талаптар күшейтіліп жатыр.

"Біз хаттамаларды үнемі жаңартып, жойып отырамыз. Мемлекеттік күзет қызметінің мамандарын тарттық, бірнеше семинар өткіздік. Ақпаратты сақтау, киберқауіпсіздік және деректерді қорғауға жауапты барлық қызметкерлерді оқытып жатырмыз. Сонымен қатар жоғары білімнің бірыңғай платформасы арқылы деректерді тұлғасыздандыру бағытында да тиісті жұмыстар жүргізіледі", – деп түйіндеді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, 2026 жылғы 10 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жеке деректердің, оның ішінде дәрігерлік құпияға жататын мәліметтердің таралу дерегі тіркелген болатын. Осы факті бойынша Алматы қаласының прокуратурасы тексеріс бастады.

Қазақстан
Алматы
Нұрбек Саясат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі