Қазақстанда электронды дауыс беру неге әзірге енгізілмейді – ОСК түсіндірді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов 2026 жылғы 8 мамырда Үкімет кулуарында электронды дауыс беру жүйесін енгізу мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

Өтемісовтің айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы халықаралық тәжірибені жан-жақты зерттеп жатыр.

"БҰҰ-да 193 мемлекет тіркелген. Бүгінде соның тек 40-ында ғана электронды дауыс беру жүйесі бар. Кейбір елдерде ол уақытша қолданылған немесе сынақ режимінде ғана енгізілген. Қазірдің өзінде 12 мемлекет бұл жүйеден бас тартқан", – деді ол.

Маманның айтуынша, Германия, Нидерланд және Норвегия сияқты елдер электронды дауыс беруді енгізіп, кейін одан бас тартқан. Негізгі себеп – киберқауіпсіздікке қатысты тәуекелдер.

"Ең маңызды мәселе – сайлаушы дауысының қорғалу деңгейі. Кибершабуылдар мен сыртқы араласу қаупі өте өзекті. Сондықтан біз бұл мәселені мұқият зерттеп жатырмыз", – деді ОСК өкілі.

Шавкат Өтемісов электронды сайлау жүйесін енгізу қымбатқа түсетінін де атап өтті.

Оның айтуынша:

"Бұл классикалық сайлаумен салыстырғанда әлдеқайда қымбат жүйе. Қазір біз оны енгізуге дайын емеспіз", – деді ол.

ОСК электронды дауыс беруден түбегейлі бас тартпайды, алайда әзірге оны енгізу жоспарда жоқ. Ведомство бұл бағытта асығыстық жасауға болмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі