Жұманғарин газ бағасының көтерілгенін мәлімдеді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 8 мамырда Үкіметтегі брифингте газдың көтерме бағасын неге көтеру қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жұманғариннің айтуынша, Қазақстанда газдың көтерме бағасын арттыру жоспарланып отыр.

"Неге? Себебі қазіргі таңда бізде расталған газ қорлары бойынша жағдай аса жақсы емес. Мұндай көтерме бағалар кезінде жеке компаниялар газ өндіруге бармайды, өйткені ол оларға тиімсіз. Сондықтан біз қазір газ қоры игеру деңгейі жоғары елдердің қатарына кірмейміз. Баға – инвесторлар үшін негізгі ынталандыру және тартымды шарт. Сол себепті біз бұл салаға инвестиция тарту үшін газдың көтерме бағасын тағы да көтеруге мәжбүр боламыз", – деді ол.

Министрдің айтуынша, егер баға көтерілмесе, газдың қымбаттауы басқа себептермен де жүруі мүмкін, өйткені Қазақстанға импорт көлемін арттыруға тура келеді.

"Бізге газ жеткізетін басқа елдер біздің әлеуметтік саясатымызды ескермейді. Сондықтан халықты қолжетімді шарттармен газбен қамтамасыз ету үшін, оны жер қойнауынан өндіріп, жеткізу керек. Ал ол үшін қазір көтерме бағаны көтеру қажет", – деп толықтырды Жұманғарин.

Бұған дейін Қазақстанда жалақы қорына түсетін қаржылық жүктеме азайтылмайтындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Жұманғарин Серік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі