Қазақстанда жалақы қорына түсетін қаржылық жүктеме азайтылмайды

Счетная машина, счетная машина с тенге, зарплата, зарплаты, заработная плата, деньги, тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 14:49 Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 8 мамырда Үкіметтегі брифингте елімізде жалақы қорына түсетін қаржылық жүктеме жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жалақы қорына түсетін жүктеме екіге бөлінеді: қаржылық және әкімшілік.

"Қазіргі таңда біз әкімшілік жүктемені азайту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Яғни жұмыс беруші мен қызметкер төлейтін 6-7 түрлі төлемнің орнына бірыңғай төлем енгізгіміз келеді. Бұл әкімшілік шығындарды айтарлықтай оңтайландырады. Мысалы, қосымша бухгалтер ұстаудың қажеті болмауы мүмкін. Бұл уақытты үнемдейді, ал бизнесте уақыт – ақша. Қазір біз осы бағытпен келе жатырмыз", – деді Серик Жұманғарин.

Алайда оның сөзінше, мемлекет әзірге жалақы қорынан алынатын салықтарды азайта алмайды.

"Себебі оны басқа қаржы көздерімен алмастыру қажет болады. Жалақы қорынан түсетін салықтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі. Егер бір жерден қысқартсаң, онда басқа жерде де қысқартуға тура келеді", – деп түсіндірді министр.

Бұған дейін этика талаптарын бұзған депутаттар қалай жазаланатыны белгілі болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: