Жұманғарин ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге көтеру туралы: Барлығы бюджет мүмкіндігіне байланысты болады

Серик Жумангарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 14:30 Фото: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 8 мамырда Үкіметтегі брифингте ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 150 мың теңгеге дейін көтеру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер ЕТЖ-ны 150 мың теңгеге дейін бірден көтеру жоспарланып отыр ма, әлде кезең-кезеңімен жүзеге аса ма деген сұрақ қойды. Сондай-ақ бұл өзгеріс ең төменгі жалақыға байланысты басқа төлемдер мен көрсеткіштерге қалай әсер ететіні де сұралды.

Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселе арнайы жұмыс тобының қарауында.

"Қазір біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Бұл бойынша арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуде. Біріншіден, ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесі жеткілікті икемді. Бүгінде ЕТЖ екі негізгі көрсеткішке байланысты есептеледі. Олар – еңбек өнімділігі мен медианалық жалақы. Сонымен қатар, біз ЕТЖ деңгейін реттеу үшін арнайы белгісіздік коэффициентін де енгіздік. Бірақ оны нақты қаншаға көтереміз және жалпы көтереміз бе – бәрі бюджет мүмкіндігіне байланысты болады", – деді министр.

Оның сөзінше, бұл мәселе әлі де пысықталып жатыр. Жақын уақытта нақты жауап берілуі мүмкін, өйткені қазір 2027-2029 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті қалыптастыру жұмыстары басталған.

"Әрине, осындай деңгейдегі жалақы алатын азаматтарды қуантқымыз келеді. Бірақ нақты "иә" деп айту үшін барлық есеп дұрыс жүргізілуі қажет. Себебі бұл – бюджеттен қосымша шығын шығаруды талап ететін мәселе", – деді ол.

Бұған дейін ОСК Құрылтай сайлауына кететін шығын туралы пікір білдіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: