Жұманғарин Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді

Деньги, тенге, калькулятор, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 16:18 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 13 тамызда Үкіметтегі брифингте 2026 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) көтеру жоспары бар-жоғы жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер бұған дейін ең төменгі жалақыны 90 мың теңгеге дейін көтеру ұсынысы айтылғанын еске салды.

"Шынымды айтсам, әзірге ЕТЖ-ны көтеру жоспары жоқ. Қазіргі таңда ол 85 мың теңгені құрайды және біз әзірге оны арттыруды қарастырып отырған жоқпыз", – деді Серік Жұманғарин.

Қаржы министрі Мәди Такиев бұл мәселеге қатысты бұған дейін тек есептеулер ғана жүргізілгенін нақтылады.

"Барлық көрсеткіштерді қарасақ, орташа ең төменгі мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы тиіс. Бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, біз оны бұрынғы деңгейде қалдыруды жөн көрдік", – деп толықтырды ол.

Бұған дейін Қазақстанда балаларды қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидалары өзгергендігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: