Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Астанадағы жалғыз соғыс ардагерін мерекемен құттықтады

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Ардагерлерге тағзым" республикалық акциясы аясында Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының әскери қызметшілері Астанадағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевті Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев майдангерге Қорғаныс министрінің атынан алғыс хат, естелік сыйлық және соғыс жылдарындағы ауыр күндер мен майдандас достарын еске түсіретін далалық ас үлесін табыс етті.

"Сіздің өмір жолыңыз бен теңдессіз ерлігіңіз біз үшін үлгі-өнеге. Сіз қазіргі Қазақстан армиясындағы әрбір сарбаз бен офицер үшін шынайы отансүйгіштіктің жарқын үлгісісіз", – деді генерал-майор Мереке Көшекбаев.

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Соғыс ардагеріне Қорғаныс министрлігі арнайы парад ұйымдастырды. Орталық әскери оркестрдің салтанатты маршының сүйемелдеуімен құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері мен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің кадеттері сап түзеп өтті. Ал Ұлттық әскери-патриоттық орталық Орталық ансамблінің әншілері майдангерге соғыс жылдарындағы танымал әндерді орындап берді.

Құттықтауларды жылы қабылдаған ардагер көрсетілген құрмет пен ықылас үшін шынайы ризашылығын білдірді. Кездесу соңында Рзағұл Байкешев халық дәстүрімен әскери қызметшілерге батасын беріп, қызметтеріне табыс және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуін тіледі.

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Рзағұл Байкешев 1923 жылғы 18 қазанда Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Соғысқа дейін совхозда қарапайым жұмысшы болып еңбек етті.

1943 жылы әскер қатарына шақырылып, Кеңес армиясы құрамында Ржев түбіндегі шайқастарға және Великие Луки қаласы маңындағы шабуылдау операциясына қатысты. Майдан жолы оны Польша, Румыния және Венгрия арқылы алып өткен. Соғысты ефрейтор шенімен аяқтап, елге оралған.

Рзағұл Байкешев I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Жуков медалімен және көптеген мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Соғыстан кейін Ақмола облысының Рождественка ауылында экспедитор болып еңбек етті. 1983 жылы зейнетке шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі