Қазақстан ИСЕСКО Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды

Сурет: ИСЕСКО
Қазақстанның Мароккодағы елшісі және Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ИСЕСКО) жанындағы Тұрақты өкілі Сәулекүл Сайлауқызы Рабаттағы Ұйымның штаб-пәтерінде өткен ИСЕСКО Атқарушы кеңесінің 46-шы сессиясына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара ұйымның 53 мүше мемлекетінен 44 өкілдің қатысуымен гибридтік форматта өтті. Отырыстарда ИСЕСКО секторларының, бөлімшелерінің және мамандандырылған орталықтарының қызмет есептері қаралып, Тұрақты даму мақсаттарын ИСЕСКО-ның институционалдық құрылымына интеграциялауды көздейтін Ұйымның 2026-2029 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары талқыланды.

ИСЕСКО Бас директоры Сәлім Әл-Мәлік Ұйымның жүйелі жаңару мен жаңғыру бағытын атап өтіп, әртүрлі салаларда алынған он беске жуық халықаралық аккредитация мен сертификат туралы мәлімет берді. Сондай-ақ ол 2030 жылдан кейінгі кезеңге бағдарланған ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтарды да белгіледі.

Қазақстан тарапы, өз кезегінде, күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылауға белсенді қатысып, ислам әлеміндегі білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі елдің ұстанымын білдірді.

Сонымен қатар, Түрікменстанды бақылаушы мемлекет мәртебесінде Ұйымға қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Атқарушы кеңесінің жаңа төрағасының, Бюро мүшелерінің және Қаржылық бақылау комитетінің сайлауы өтті.

Сессия қорытындысы бойынша Қазақстан ИСЕСКО Атқарушы кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл Ұйымға мүше мемлекеттерінің қазақ тарапына деген жоғары сенімін көрсетеді және білім, ғылым мен мәдениет саласындағы көпжақты ынтымақтастықты дамытудағы Астананың белсенді рөлін растайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі