"Алматыға жаңбырлы күндер қайта оралады". Алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер келесі аптада алматылықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтып, өз болжамдарымен бөлісті. Алдын ала болжам бойынша, күн шуақты болғанымен, демалыс күндерінен кейін мегаполиске жаңбырлы күндер қайта оралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, келесі аптаның екінші жартысынан бастап қалада жауын-шашын күтіледі. Алайда сынап бағаны жоғарылауын жалғастырады: жұмыс аптасының соңына қарай мегаполисте 29 градус ыстық болады.

"Алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында Алматы мен Алматы облысындағы ауа райын Ресейден, нақтысында Новосибирск ауданынан келген антициклон анықтайды. Соның әсерінен өңірде бұлтты, құрғақ және тынымық ауа райы қалыптасады", - дейді маман.

Гидрометеорталық өкілінің мәліметінше, 16-19 мамырда мегаполисте жауын-шашын болмайды. Сенбі күні түстен кейін сынап бағаны біртіндеп 20, 22 градусқа, ал дүйсенбіге дейін 25, 27 градусқа дейін көтеріліп, күн қызады. Алайда, аптаның екінші жартысынан бастап ауа райының сипаты өзгереді. Алматыда тағы да қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

"Жауын-шашын ішкі массадан қалыптасуда конвективті болады, яғни олар таулы аймақтардың үстінде пайда болған бұлт шоғырының өрістеуінен пайда болады", деп түсіндіреді синоптик.

Жауын-шашынға қарамастан, сынап бағаны көтеріле береді және жеті күннен кейін Алматыда сынап бағаны былай қалыптасады: +27...+29°С.

Алматыда 2026 жылғы 16-22 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бұған дейін синопктиктер бүгін, сенбіде еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен болатын. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін