Астана, Алматы және тағы екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 17 мамырда Қазақстанның төрт қаласының тұрғындарын ауа сапасының нашарлау қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" таратқан мәліметке сәйкес, 17 мамырда Алматы қаласында, ал түнде Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болуды, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында жүруді азайту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүргені жөн.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді