Ол халықаралық бағыттарды қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары бірлесіп кеңейтіп жатқанын атап өтті.
"2026 жылы жаңа халықаралық бағыттарды ашу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда төрт жаңа рейс іске қосылды: Алматы – Шанхай, Астана – Ереван, Атырау – Ташкент және Ақтау – Ереван", – деді Нұрлан Сауранбаев.
Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 11 халықаралық әуе бағытын ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда авиация мамандарын даярлайтын жаңа оқу орталығы ашылатыны хабарланған болатын.