Қазақстанда сұйытылған газды елден шығаруға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 4 мамырдағы сұйытылған мұнай газын тасымалдау мәселелері жөніндегі бұйрығына қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен алты ай мерзімге елден шығаруға тыйым салынды.

Алайда бұл шектеу төмендегі жағдайларға қолданылмайды:

Қазақстан Үкіметінің шешімімен көрсетілетін гуманитарлық көмек аясында шығарылатын өнімге.

Бұйрық 2026 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.

Айта кетейік, Қазақстанда сұйытылған газды елден шығаруға тыйым 2025 жылдан бері бірнеше рет ұзартылып келеді. Соның ішінде бұл шектеу 2025 жылғы 14 қарашадан бастап та ұзартылған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

"Қайрат" "Андерлехттен" тағы да 0:3 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасынан шығып қалды

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

Димаш Құдайбергеннің анасы желіге күйеуімен сурет жүктеп, көпшіліктің ықыласына бөленді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді