Қазақстанда кейбір шенеуніктер үшін міндетті наркоскрининг енгізіледі – Тоқаев заңға қол қойды

Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 19 мамырда хабарлады.

Мемлекет басшысы:

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" жаңа заңын іске асыруға, сондай-ақ бірқатар салалық заңдардың жекелеген нормаларын құқықтық тұрғыдан үйлестіруге бағытталған. Құжат аясында 18 заңнамалық актіге, соның ішінде Еңбек кодексіне, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заңда мынадай негізгі нормалар қарастырылған:

– еңбек қатынастарын реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреттері нақтыланады;– мемлекеттік қызметшілердің есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын қолдануын алдын алу мақсатында міндетті медициналық куәландырудан өтуі енгізіледі.

Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын қолдану фактісіне медициналық куәландыруға жіберуге олардың атқаратын лауазымдарының арнайы тізімге енгізілуі негіз болады. Бұл тізім заңнамамен белгіленген критерийлерді ескере отырып жасақталады.

Атап айтқанда, қызметтік міндеттердің сипаты мен ерекшелігіне, сондай-ақ жоғары жауапкершілік пен тәуекел деңгейіне байланысты айқындалады.

Сонымен қатар заңда мемлекеттік органды көшіру кезіндегі төлемдерді, сондай-ақ бір елді мекеннен екіншісіне қоныс аударумен байланысты қызметтік ауысу кезіндегі төлемдерді жүзеге асыру тәртібі реттеледі.

Бұдан бөлек, ауылдық жерлердегі учаскелік полиция инспекторлары үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу енгізіледі (1 ай қызмет = 1,5 ай еңбек өтілі).

Сондай-ақ ведомстволық жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімін үздік тәмамдаған түлектерге "аға лейтенант" арнайы атағын беру және оларға кейінгі қызмет өткеру үшін бос лауазымдарды таңдауда басымдық құқығын ұсыну қарастырылған.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

СҚО-да ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді

БҚО-да досын абайсызда атып өлтірген тұрғынға үкім шықты