Қала билігінің айтуынша, LRT Алматының жаңа көлік жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болмақ.
Алғашқы желінің ұзындығы 18,3 шақырым болады. Ол Төле би көшесімен, одан кейін Абылай хан даңғылымен "Алматы-2" вокзалына дейін, сондай-ақ Момышұлы көшесі арқылы Алатау ауданындағы индустриялық аймаққа дейін созылады.
Бұл туралы 2026 жылғы 20 мамырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев айтты.
Жоба тек желінің өзін ғана емес, сонымен қатар депо салуды да қамтиды. Мемлекеттік сараптама қорытындысы 2026 жылдың жазында дайын болады деп күтілуде.
"Бұл жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме аяқталып, қазір мемлекеттік сараптамада жатыр. Қорытындысы шілде айында шығады деп күтілуде. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде: ескі рельстерді бұзу, алаңды дайындау, инженерлік желілерді күшейту. Жобаның белсенді құрылыс кезеңі сараптамадан кейін басталады. 18 шақырымдық желі Абылай хан даңғылы арқылы өтіп, "Алматы-2"-ден басталып, Төле би көшесімен жалғасып, Момышұлы бойымен төмен түсіп, индустриялық аймаққа дейін жетеді. Депо да сол индустриялық аймақта орналасады", – деді Ержан Диханбаев.
Бұған дейін жазғанымыздай, Алматыда 270 шақырымға жуық электр желісі жаңғыртылады.