Бұған қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
Ведомствоның мәліметінше, инвестордың уәждерін тексеру мақсатында Шымкент қаласының инвестициялық прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.