Қостанай облысында қыздың жұмбақ қазасы түрлі қауесетке себеп болды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2026 22:10 Фото: Zakon.kz
Құқық қорғау органдары Арқалықтағы су айдындарының бірінен денесі табылған қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл туралы 2026 жылғы 21 мамырда Қостанай облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат алғашында жергілікті пабликтерде тараған. Ресми түсініктеме берілмей тұрып-ақ, әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаны қызу талқылап, оқиға орнынан түсірілген кадрларды бөлісе бастаған.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарды расталмаған ақпарат пен қауесетке сенбеуге шақырды. Қазіргі уақытта марқұмның денесінің табылуына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


"Су айдынынан зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған қыздың денесінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деп хабарлады полиция.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: