Астанада жоғалған 5 жасар қыз бала жедел түрде табылды

Фото: polisia.kz
21 мамыр күні полицияға баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, 5 жасар қыз бала қараусыз қалып, үйден өз бетінше шығып кеткен.

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, полиция департаментінің жеке құрамы мен кешенді полиция күштері толық жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстарына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де тартылды. Аумақты тексеру және пысықтау барысында қыз баланың саябаққа қарай бет алғаны анықталып, кейін сол жерден табылды.

Бала аман-есен ата-анасына қайтарылды.

Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды, кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды және олардың көшеге өз бетінше шығуына жол бермеуді ескертеді.

Осындай жағдайлар туындаған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласу қажет.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды