Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Zakon.kz
Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында Алатау ауданындағы Шәріпов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты 30 мамыр сағат 08:00-ден 5 маусым сағат 08:00-ге дейін Жанділдин көшесінен Әлмерек абыз көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Бұл аумақты шығыс бағытта Шұғыла көшесі арқылы, әрі қарай Байтанов, Майкопская, Ахрименко көшелері және Райымбек батыр даңғылы арқылы айналып өтуге болады. Батыс бағытта Шәріпов көшесі арқылы жүруге болады.


"Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Осыған байланысты тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды