Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды

Фото: Zakon.kz
Астана қаласында полиция қызметкерлері есіктерді сату ісімен байланысты бірнеше алаяқтық дерегі бойынша 40 жастағы әйелді анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті базардағы бутиктердің бірінде сатушы болып жұмыс істеген және клиенттерден бөлме есіктерін дайындау мен жеткізуге тапсырыстар қабылдаған. Алайда тапсырыстардың бір бөлігін ресми түрде рәсімдемей, алынған ақшаны жеке пайдасына жаратқан.

"Тергеу барысында күдіктінің тапсырыс берушілерге тауардың жақын арада жеткізілетінін айтып, сенімдеріне кіргені анықталды. Төлемді алғаннан кейін біраз уақыт бойы клиенттермен байланыста болып, түрлі себептермен жеткізуді кейінге қалдырған. Кейін байланысқа шығуын тоқтатқан",- делінген ақпаратта.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны еліміздің басқа өңірінде ұстады.

"Қазіргі уақытта осыған ұқсас 10 алаяқтық фактісі анықталды. Эпизодтардың бірінде келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 900 мың теңгені құраған. Сонымен қатар күдіктінің басқа да осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде". Астана қаласы ПД

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Қазақстанға сирек кездесетін жылқылардың бір тобы әкелінгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты