Жойылып кеткен түр қайтадан табиғатқа қайтарылуда: Қазақстанға сирек кездесетін жылқылардың бір тобы әкелінді

Жойылып кеткен түр қайтадан табиғатқа қайтарылуда: Қазақстанға сирек кездесетін жылқылардың бір тобы әкелінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 16:44 Сурет: gov.kz
Халықаралық жоба аясында Қазақстанға кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді, деп хаабрлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 2 маусымда ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

"Эколог күні қарсаңында, 2026 жылғы 1 маусымда Қазақстанға Чехия Республикасынан кертағының (Пржевальский жылқыларының) кезекті тобы жеткізілді. Бұл – әлемде сақталған жалғыз жабайы жылқы түрінің популяциясын қалпына келтіруге бағытталған халықаралық жоба аясында әкелінген жануарлардың кезекті легі".

Арнайы әуе рейсімен жануарлар Чехиядан Қостанай қаласының халықаралық әуежайына жеткізілді.

Одан әрі олар арнайы жабдықталған автокөлікпен Қостанай облысы Амангелді ауданындағы "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватына тасымалданады. Реинтродукция орталығында жануарлар мамандардың бақылауымен бейімделу кезеңінен өтіп, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберуге дайындалады.

"Тарихи тұрғыдан кертағы Қазақстан аумағында мекендеген және Қазақстан далаларының табиғи мұрасының бір бөлігі болып табылады. Алайда XX ғасырдың ортасына қарай бұл түр жабайы табиғаттан жойылып кетті. Оны қалпына келтіру халықаралық сақтау және реинтродукция бағдарламаларының арқасында мүмкін болды". ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ведомство атап өткендей, бүгінде Қазақстан осы бірегей түрді өзінің тарихи мекендеу ортасына қайтару бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда.

Жоба Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Прага хайуанаттар бағы, "Тирпарк Берлин" хайуанаттар бағы, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы, Франкфурт зоологиялық қоғамы және басқа да халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Қазақстан мен Прага хайуанаттар бағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 2029 жылға дейін Қазақстанға 40 кертағыны жеткізу жоспарланған.

2024 және 2025 жылдары "Алтын Дала" резерватына жануарлардың алғашқы екі тобы әкелінген болатын. Ал биылғы жылдың мамыр айында бұрын жеткізілген жануарлардың бір бөлігі алғаш рет жабайы табиғатқа жіберілді.

"Жобаның негізгі мақсаты – Орталық Қазақстан далаларында кертағының тұрақты популяциясын қалыптастыру және дала экожүйелерін қалпына келтіру",- делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, жобаны іске асыру Қазақстан үшін үлкен маңызға ие. Ол биологиялық әртүрлілікті сақтауға, тарихи тұрғыдан жоғалған жануарлар түрлерін қалпына келтіруге, табиғат қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және еліміздің дала экожүйелері мен сирек кездесетін жабайы жануарларды қорғау ісіндегі көшбасшы мемлекет ретіндегі беделін арттыруға ықпал етеді.

Бұған дейін 30 мамырда Қазақстанда сирек кездесетін жылқылар далаға жіберілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: