Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір үйірі жеткізілді

Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
2026 жылғы 5 маусымда, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде Қазақстанға "Тирпарк Берлин" хайуанаттар бағынан (Германия Федеративтік Республикасы) Пржевальский жылқыларының екінші тобы жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның ағымдағы кезеңі аясында жылқылардың алғашқы тобы Қазақстанға Чехия Республикасынан 2026 жылғы 1 маусымда келген болатын, ал бұл жолғысы елімізге "Тирпарк Берлин" хайуанаттар бағынан (Германия Федеративтік Республикасы) жеткізілді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бұл айтулы оқиға әлемде сақталып қалған жабайы жылқының жалғыз түрінің популяциясын қалпына келтіру және елдің биологиялық әртүрлілігін сақтау жөніндегі халықаралық жобаны жүзеге асырудың маңызды кезеңі болды", делінген министрлік.

Жануарлар Пржевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба аясында Қостанай қаласының халықаралық әуежайына арнайы әуе рейсімен жеткізілді.

"Қажетті ветеринариялық процедуралардан өткеннен кейін, жылқылар арнайы көлікпен "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының Реинтродукция орталығына жіберілді. Онда олар мамандардың бақылауымен бейімделу кезеңінен өтеді. Жануарлардың келуі Пржевальский жылқысын Қазақстан аумағындағы тарихи мекендеу ортасына қайтару жөніндегі ауқымды бағдарламаның кезекті кезеңіне айналды", деп нақтылайды құзырлы ведомство. 

Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Прага хайуанаттар бағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 2029 жылға дейін елге 40 Пржевальский жылқысын әкелу жоспарлануда. 2024 және 2025 жылдары "Алтын Дала" резерватына жануарлардың алғашқы топтары келіп үлгерді, ал ағымдағы жылдың мамыр айында бұған дейін әкелінген жылқылырдың бір бөлігі алғаш рет жабайы табиғатқа жіберілді.

 

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді