“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Астанада аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 32 жастағы ер адам елордадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында жәбірленушімен танысып, өзін жоғары оқу орындарына талапкерлерді оқуға түсірумен айналысатын арнайы орталықтың өкілі ретінде таныстырған. Ол азаматтың сеніміне кіру мақсатында шетелдік университеттермен де байланысы бар екенін айтып, қысқа мерзім ішінде оқуға грантсыз қабылдауға, құжаттарды рәсімдеуге және шетелдік оқытушыларды тартуға көмектесетінін жеткізген.

"Күдікті оқу ақысын төлеу, құжаттарды жедел рәсімдеу және арнайы дайындық бағдарламаларын ұйымдастыру қажет деген сылтаумен жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алған. Осылайша алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жалпы сомасы 8 млн теңгені иемденген".,- деп мәлімдеді полицейлер.

Уәде етілген қызметтер уақытылы орындалмағаннан кейін жәбірленуші күдіктіден күмәнданып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Тергеу барысында күдіктінің ешқандай білім беру ұйымдарымен ресми байланысы болмағаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ақтауда ірі көлемдегі есірткі партиясын тасымалдау әрекеті тоқтатылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр