Қазақстан неге шетелден қарыз алады? Қаржы министрі түсіндірді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев 2026 жылғы 17 маусымда Мәжіліс кулуарында бюджет тапшылығы жағдайында не үшін қарыз алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бұл – әлемде кеңінен қолданылатын қалыпты тәжірибе.

"Биылғы бюджет көлемі 27 трлн теңге деңгейінде қалыптасты. Оның ішінде меншікті кірістер 19 трлн теңгені құрайды. Ұлттық қордан 2,7 трлн теңге көлемінде трансферт қарастырылған. Ал шығыстарды толық жабуға жетпейтін айырма бюджет тапшылығы деп аталады. Қазіргі таңда бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,5 пайызын құрайды", – деді Мәди Такиев.

Оның сөзінше, бұл тапшылық әртүрлі қаржыландыру көздері арқылы жабылады. Соның ішінде ішкі және сыртқы қарыз алу тетіктері пайдаланылады.

"Қазіргі уақытта пайыздық мөлшерлемелер өте төмен. Біз екі халықаралық банктен шамамен 1 миллиард долларды жылдық 1,15 және 1,2 пайыздық мөлшерлемемен алдық. Қарыз 11 жыл мерзімге берілді, оның ішінде алғашқы 5 жыл – жеңілдік кезеңі. Сондықтан бұл өте қолайлы әрі тиімді шарттар", – деді Қаржы министрі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 17 маусымда Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Халық бухгалтері
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді