Президент Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке еліміздің бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына кең көлемді реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді. Президент бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының алғашқы кезеңі табысты іске асырылған.

"2023 жылдан бастап жаңадан 655 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны салынды", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент биыл бірқатар аудандық ауруханаларда жаңғырту жұмыстары аяқталатынын жеткізді.

"Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл азаматтарды тұрғылықты жерде сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда мен өңірлерде заманауи медициналық инфрақұрылымның дамып жатқанын да атап өтті.

"Елордада және өңірлерде мамандандырылған ғылыми институттар мен көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар және перинатальды орталықтар бой көтеруде", – деді Президент.

Алайда Мемлекет басшысы алдағы атқарылар жұмыстардың ауқымы әлі де үлкен екенін айтты.

"Дегенмен алдағы жұмыс – ауқымды. Елімізде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен 14 мыңнан аса нысан әлі де қызмет көрсетіп тұр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондықтан Президент Үкіметке нақты тапсырма жүктеді.

"Сондықтан Үкімет бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізіп, олардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуы қажет", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады