Медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті – Тоқаев

Фото: freepik
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің медициналық білім беру жүйесін дәйекті түрде жаңғыртудың маңызына тоқталды.

Президенттің айтуынша, бұл қадам ұлт саулығын сақтауда және елдің болашағын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық жоғары оқу орындарының дамуы жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын атап өтті.

"Медициналық білім беру жүйесін дәйекті түрде жаңғыртудың ел болашағы мен ұлт саулығын сақтаудағы стратегиялық мәні зор", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, салалық жоғары оқу орындары тек дәстүрлі білім беру мекемесі ретінде емес, ғылым мен жоғары технологиялар орталығы ретінде де дамып келеді.

"Салалық жоғары оқу орындары бұрынғыдай дәстүрлі білім беру мекемесі емес, іргелі ғылым мен жоғары технологиялар орталығы ретінде жаңғыра бастағаны қуантады", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық білім беру үдерісінің жетілдіріліп жатқанын және клиникалық оқыту тәсілдерінің кеңейіп отырғанын да атап өтті.

"Білім беру үдерісі жетілдіріліп, клиникалық оқыту тәсілдері кеңеюде. Интернатура кәсіби даярлықтың толық кезеңіне айналады", – деді Президент.

Оның айтуынша, ендігі уақытта интернатураны тәмамдаған түлектер базалық білімді меңгерген толыққанды дәрігер ретінде еңбек жолын бастайды.

"Енді оны тәмамдаған түлектер базалық білімді меңгерген дәрігер ретінде жұмысқа кіріседі", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент еліміздің жетекші медициналық оқу орындарын қолдау маңызды екенін ерекше атап өтті.

"Жаңа буын мамандарын әзірлейтін ұстаханаға айналған еліміздің жетекші медициналық оқу орындарын одан әрі нығайтуға қолдау көрсету маңызды деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді