Америкалық ірі компания Қазақстан экономикасына инвестиция салуы мүмкін

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, табиғи газ өңдеу және өнеркәсіптік газ өндірісіне маманданған америкалық компания жетекшісімен кездесу барысында аталған саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы қаралды.

Мемлекет басшысының айтуынша, Құрама Штаттар – Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі және еліміз өзара тиімді байланысты кеңейтуге мүдделі.

Эдуардо Менезес компанияның Қазақстан экономикасына инвестиция құю мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді. Өйткені Air Products газ өңдеу мен газ химиясы, сондай-ақ көмірді терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытады.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бастаманы құптап, Қазақстан тарапы оған қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Air Products компаниясы АҚШ-тың ірі компанияларының қатарына кіреді. Көгілдір отын өңдеу, өнеркәсіптік газ (азот, сутегі, оттегі) өндірісі бойынша халықаралық көшбасшылардың бірі саналады.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Қазақ баласын қалай тәрбиелеген