Қазақстанда күмәнді қаржылық операцияларды анықтау тәртібіне өзгерістер енгізілді

Фото: unsplash
Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2026 жылғы 16 маусымдағы бұйрықпен қаржылық мониторинг субъектілерінің қаржылық мониторингке жататын операциялар мен клиенттердің күмәнді әрекеттері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізді.

Құжатқа сәйкес, қаржылық мониторинг субъектілері мен уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі нақтыланған. Атап айтқанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап ақпарат алмасу жеке кабинет, "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі, API-сервистер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық төлем корпорациясының телекоммуникациялық желілері арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы хабарламаларды ұсыну тәртібі де өзгертілді. Енді мұндай мәліметтер жеке кабинетте орналастырылған ФМ-1 нысаны бойынша XML форматында электронды түрде жолданып, қаржылық мониторинг субъектісінің немесе ішкі бақылау қағидаларының орындалуына жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуы тиіс.

Бұдан бөлек, күмәнді операцияларды айқындау белгілерінің бірі жаңартылды. Енді заңсыз қызметпен байланысты цифрлық активтерге немесе цифрлық активтер әмияндарына қатысты операциялар күмәнді операциялар қатарына енгізіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Ал жекелеген нормалар 12 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін