Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысатынын мәлімдеді

Фото: akorda.kz
2026 жылғы 25 маусымда БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ел үшін тарихи маңызы зор кезең қарсаңында Парламенттің VIII сессиясы өз жұмысын аяқтайтынын атап өтті.

"Мен Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысамын. Осы тарихи кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі мақсаттар мен міндеттерге тоқталамын. Біз, Қазақстан халқы, жасампаз әрі прогрессивті ұлт ретінде болашаққа нық қадам басып келеміз. Бірлік пен ынтымақты нығайта отырып, осы ауқымды жолда алға қойған барлық мақсаттарға жететінімізге кәміл сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ салтанатты рәсім барысында Президент алғаш рет өңірлік журналистерге пәтер беру туралы тапсырма беріп, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының дәуірі аяқталды деуге әлі ерте екенін айтты.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған