Екі жағдайда да жұмыс берушілер бұған дейін осындай құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Көші-қон заңнамасын бірнеше рет өрескел бұзу фактілері шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын қайталап бұзу дерегі бойынша қылмыстық істердің қозғалуына негіз болды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс берушілерге 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер шетел азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланған 57 жұмыс берушіні жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғаны үшін 826 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 39-ы ел аумағынан шығарылды.
Көші-қон қызметінің мамандары шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертті.