Астанада әйелді аңдып, интимдік жерлеріне қол тигізген ер адам қамауға алынды
Фото: Zakon.kz
Астананың тұрғыны әйелді аңдып, оның жеке басына қол сұққаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ер адам құқық бұзушылықты мас күйде жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындады. Оның кінәсі іс материалдарымен, өз түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбалармен және жәбірленушінің арызымен де расталған.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген. Сот азаматты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады", – деп түсіндірді сотта.
Жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипатын, оның мас күйде жасалғанын, ер адамның жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы қудалағанын және оның жеке басына қол сұққанын ескерді.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript