Петропавлда анасына күн бермейтін ұртоқпақ ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
Сурет: polisia.kz
Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны анасын балағаттағы үшін 10 тәулікке қамаққа алынды. Бұған дейін де ол осындай құқық бұзушылық жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды.
"30 күн бойы анасына жақындап күш көрсетуге, балағат сөз айтуға және қауіп төндіретін қасақана заңсыз әрекеттер жасауға тыйым салынды. Алайда ер адам бұл әрекетінен сабақ алмаған, бірнеше күннен кейін мас күйде анасымен тағы жанжалдасқан. Осылайша ол қорғау ұйғарымын бұзды. Бұл үшін заңмен 10 тәулікке қамауға алу түріндегі баламасыз жаза көзделген", делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер балағат сөздер — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін еске салады. Жыл басынан Петропавлда полицейлер қорғау ұйғарымын бұзған 89 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript