Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда 44 жастағы ер адам полиция пунктінде жанжал шығарды

Петропавлда 44 жастағы ер адам полиция пунктінде жанжал шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 17:11 Сурет: Zakon.kz
Петропавл қаласының 44 жастағы тұрғыны бірқатар құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел бірнеше рет мас күйінде болған жанжал үшін полицияға жүгінген. Полицейлер қала тұрғынына қатысты өтініш берушімен қарым-қатынас жасауға тыйым салатын қорғау нұсқамасын шығарды. Алайда ол заңның талабын елемей, оған мезгіл-мезгіл жасырын нөмірден қоңырау шалып, бір күні кешке аулада жанжал тудырған.

Бірнеше күннен кейін ол мас күйде Volkswagen көлігін басқару барысында тоқтатылды. Сол күні полицейлер оны қорғау нұсқамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік материал жинау үшін учаскелік пунктіге шақырды. Бұл жерде ер адам өзін дөрекі ұстап, қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбай, жанжал шығарды.

Нәтижесінде полицейлер сотқа әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша қорғау нұсқамасын бұзғаны, қызметкерлерге бағынбағаны және мас күйінде көлік басқарғаны үшін материалдарды тапсырды. Тәртіп бұзушылықтардың жиынтығы бойынша қала тұрғыны әкімшілік қамаудың шекті мерзімі 30 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ алдағы 7 жылда оған көлік құралдарын басқаруға тыйым салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: