Астана әуежайында алматылық мас тұрғын жанжал шығарды

Астана әуежайында алматылық мас тұрғын жанжал шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2024 17:41 Сурет: Zakon.kz
Астана әуежайында мас жолаушы бірден үш баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Астана – Алматы бағытындағы әуе рейсінің жолаушыларын тексеру кезінде болған. Алматының 38 жастағы тұрғыны масаң күйде қоғамдық орында балағат сөздер айтып, тексеру қызметі қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған. Мән-жайды анықтау барысында ер адам билік өкілдерінің заңды талаптарын орындамаған. Алайда қарсылық танытқанына қарамастан, құқық бұзушы ұсталып, полиция бөлмесіне жеткізілді.

Ұсталған азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін, ұсақ бұзақылық жасап, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін бірден үш баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Ол бұған дейін бір жыл ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: