Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда мешітте имамды ұрған ер адам сотталды

Сот үкімі, Петропавл, мешіт, имам, ұрып-соғу, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2024 20:31 Сурет: Zakon.kz
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша қозғалған іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cотта 2024 жылы 15 сәуірде сағат 15:00 шамасында Петропавл қаласындағы облыстық Қызылжар мешітінде азамат Р. көп адамның көзінше жанжал шығарып, азаматтарға дөрекілік танытып, ақыры имамды бетінен жұдырықпен екі рет ұрғаны анықталды.

"Ол осы арқылы ұсақ бұзақылық жасап, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады деп танылды. Сот шешімімен сотталушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды", делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: