№138 автобустағы лаң: Алматыда қызды балағаттаған ер адам 48 300 теңге айыппұл арқалады

Автобус, 138 маршрут, Алматы, балағаттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 20:07 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cот 2023 жылдың қазан айында №118 маршруттық автобусының салонында болған кезде C-ның балағат сөздер айтып, Д. есімді жолаушыға құрметсіздік танытып, оны қорлап, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады.

Сот отырысында С. іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және жасаған ісіне өкініш білдірді.⠀

"ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін С. кінәлі деп танылып, оған 48 300 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.⠀Сот істің мән-жайын, сондай-ақ жәбірленуші мен айыпталушының татуласу туралы пікірін ескерді", делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: