Алматы облысында судьяны жемқор деп атаған ер адам темір торға тоғытылатын болды

Судья, Қонаев қаласы, жемқор, айыптау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2024 18:20 Сурет: Zakon.kz
Қонаев қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьяны құрметтемеу фактісі бойынша қозғалған іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судьяға айып таққан  Қ. жер учаскесін босату (заңсыз құрылыстарды бұзу) туралы алдындағы азаматтық іс бойынша жауапкер болған. Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындамады және ескертумен шектелуді сұрады.

Құқық бұзушылық фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және басқа да дәлелдемелермен расталды.

Сотта ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: