Павлодарда жасөспірімді еш себепсіз ұрып-соққан ер адам сотталды
Сурет: Zakon.kz
Іс Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотта қаралды. Белгілі болғандай, балаға тап берген павлодарлық төбелес кезінде қатты мас болып, не істеп, не қойып жатқанын білмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың 20 наурызында Қайырбаев көшесінде ер адам 14 жастағы жасөспірімге қасақана дене жарақатын салып, денсаулығына жеңіл деңгейде зиян келтірді. Полиция қызметкерлері ер адамның шынымен де кәмелетке толмаған баланы себепсіз ұстап алып, жұлқылап жатқан бейнежазбаны ұсынды", - деп pavlodarnews.kz сот баспасөз қызметінің хабарламасынан үзінді келтіреді.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толықтай мойындады.
Павлодарлық кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript