Алматының орталығындағы ең ірі қосалқы құрылыс бұзылып жатыр

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Назарбаев даңғылы, 220/3 мекенжайында орналасқан, бірнеше кеңсе мен қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істеген жапсарлас құрылысты сүру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында нысанға қатысты барлық қажетті құжаттардың толық еместігі анықталған. Сонымен қатар, құрылыстың бір бөлігі жалпыға ортақ пайдаланылатын жер телімінде салынғаны белгілі болды.

Осыған байланысты меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, кейін іс сотқа жолданды. Сот процесі шамамен екі жылға созылды.

Істі қарау қорытындысы бойынша, 2025 жылы 17 қарашада Алматы қалалық сотының қаулысымен нысанды мәжбүрлі түрде сүріп тастау туралы шешім қабылданды.

Сүру жұмыстары бүгін Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді