Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
29 маусым мен 2 шілде аралығында Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскерді жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіру бойынша кешенді тактикалық-саптық оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шаралардың мақсаты – әскери қызметшілер мен бөлімшелердің әскерді жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіру кезіндегі практикалық машықтарын жетілдіру.

Жоспарлы оқу-жаттығулар негізінен әскери бөлімдер мен оқу полигондарының аумағында өтеді. Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін.

Сондай-ақ жекелеген бөлімшелер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марш жасайды. Осы кезеңде өңірлердегі кейбір автожол учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі ықтимал.


"Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды, әлеуметтік желі қолданушыларын және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми ақпарат көздерінде жарияланған мәліметтерге ғана сүйенуге шақырады", – делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін