Павлодардағы №3 жылу электр орталығының аумағында өрт шықты
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
ТЖМ құтқарушылары Павлодар қаласындағы №3 жылу электр орталығының аумағында шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде градирняның ағаш торламасының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.
Оқиға орнында жедел түрде өрт сөндіру штабы құрылды.Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, градирняда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Оқиға өндірістік процеске әсер еткен жоқ, кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
