2026 жылғы шілде айына арналған салық күнтізбесі: қандай есептер тапсырылып, қандай төлемдер жасалуы тиіс

Фото: freepik
2026 жылдың шілде айында салық төлеушілер бірқатар салық есептілігін тапсырып, міндетті төлемдерді уақытылы төлеуі қажет. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 шілдеге дейін:

270.00-нысан – 2025 жылға арналған жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациясы (салық заңнамасында көзделген жағдайларда бейрезидент жеке тұлғалар мен еңбекші көшіп келуші бейрезиденттер үшін).

15 шілдеге дейін:

400.00-нысан – 2026 жылғы мамыр айына арналған акциз декларациясы.

20 шілдеге дейін:

Сонымен қатар келесі мерзімдерде міндетті төлемдер төленуі тиіс.

7 шілдеге дейін:

2026 жылғы маусым үшін жекеше практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығы (ЖТС).

13 шілдеге дейін:

2025 жылға арналған 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларация негізінде бейрезидент жеке тұлғалар мен еңбекші көшіп келуші бейрезиденттердің өз бетінше төлейтін жеке табыс салығы.

15 шілдеге дейін:

2026 жылдың ІІ тоқсаны үшін түбірімен босатылатын сүрекке орман пайдаланғаны үшін төлемақы;

Интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі бойынша 2026 жылғы маусым айының жеке табыс салығы.

20 шілдеге дейін:

24 шілдеге дейін:

2026 жылғы маусымда бейрезиденттердің жекелеген санаттарына төленген табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы.

27 шілдеге дейін:

Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге техникалық іркілістер мен өсімпұлдың алдын алу үшін есептілік пен төлемдерді соңғы күнге қалдырмауға кеңес берді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі: Қарашығанақтағы өндіріс қысқарғанымен, Қазақстандағы газбен жабдықтау тұрақты

Талапкерлерді 28 млн теңгеге алдаған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды