Астана, Алматы және Шымкентте күн райы құбылады

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 30 маусым, 1 және 2 шілдеге арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күнде еліміздің ірі мегаполистерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Алматы мен Шымкентте күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі.

Астана

30 маусым: Күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +24...+26°C.

1 шілде: Күн ала бұлтты. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +25...+27°C.

2 шілде: Күн ала бұлтты. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.

Алматы

30 маусым: Күн ала бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні кей уақытта 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +33...+35°C. Күн қатты ысиды.

1 шілде: Бұлтты. Жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, кейін батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +29...+31°C.

2 шілде: Күн ала бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні кей уақытта 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +27...+29°C.

Шымкент

30 маусым: Күн ала бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.

1 шілде: Күн ала бұлтты. Түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

2 шілде: Күн ала бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +31...+33°C.

Бұған дейін синоптиктер аптап ыстықтың беті қайтып, еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасы +18°C-қа дейін төмендейтінін болжаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Энергетика министрлігі: Қарашығанақтағы өндіріс қысқарғанымен, Қазақстандағы газбен жабдықтау тұрақты