Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық оқушылар қандай жаңа пәндерді оқиды

Фото: Министерство просвещения РК
Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 1 шілдеде өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына енгізілетін жаңа пәндер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар міндетті оқу курстарымен толықтырылады.

"5–7-сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі. 8–11-сыныптарда міндетті "Заң және тәртіп" курсы оқытылады. Сонымен қатар 5–11-сынып оқушылары үшін "Жеке қауіпсіздік" атты міндетті курс енгізіледі, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ келесі оқу жылынан бастап 8–9-сыныптарда "Қазақстан географиясы" пәні қайта оқытылады.

Министрдің сөзінше, бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылған "Құқық негіздері" курсы енді барлық оқушы үшін міндетті пәнге айналады және оның мазмұны жаңа Конституция қағидаттарына толық сәйкестендіріледі.

Жаңа оқу жылында қолданылатын жаңа оқулықтар туралы толығырақ арнайы материалдан оқуға болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін