2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде, рақымшылық туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы:

  • "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
  • "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
  • "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қылмыстық-процестік кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ішкі істер министрлігі Президент қол қойған рақымшылық туралы заңға қатысты түсініктеме берді.


Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енді. Осы тарихи оқиғаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.


Кейінірек Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Ата заңның күшіне енуіне байланысты енгізілген негізгі өзгерістер туралы баяндады.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін